Ауа райы
Астана -30 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 378.86
EUR 416.78
RUB 6.06
CNY 54.62

Ақмолада халықты әлеуметтік қорғау саласының қызметкерлері марапатталды

2019 жылдың 30 қазан 2019 20:51

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Достар» мәдениет сарайында болған шара 10 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қамқорлығындағы қарттар мен мүмкіндігі шектелген жандардың шығармашылық жұмыстарының көрмесімен басталды.

Шараға қатысып, құттықтау сөз сөйлеген Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев қоғамның тұрақтылығы мен әл-ауқаты халықтың әлеуметтік қорғалу деңгейін айқындайтынын атап өтті.

«Әрдайым, нақтылы бір адамға көмектесіп, сіздер мемлекеттік міндетті орындайсыздар – азаматтардың әлеуметтік әділдігі мен әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз етесіздер», – деді аймақ басшысы.




Облыс әкімі атап өткендей, ағымдағы жылы «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыруға 8 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініпті. Осының нәтижесінде Жұмыспен қамту орталықтары 13 мың жұмыссыздар мен өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған азаматтарды жұмысқа орналастырды. Облыста ерекше қажеттілігі бар 29 мың адам тұрады. Оларды қамтамасыз ету үшін оңалту қаржысынан 470 миллион теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 43 пайызға көп. Облыстың әлеуметтік қорғау жүйесінде бір жарым мыңнан аса қызметкер еңбек етеді. Олар 200 мың ақмолалықтарға баға жетпес көмек көрсетеді.

Шара барысында аймақ басшысы еңбек озаттарына ведомстволық награда, құрмет грамотасы және Алғыс хат табыс етті.

Олардың арасында Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Әсия Жаманова «Еңбек ардагері» құрметті медаліне ие болды. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаментінің бас маманы Елена Буга, Целиноград және Бұланды аудандары жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің бас мамандары Нұрсұлу Бақтыбаева мен Кенжебике Есмағанбетова «Әлеуметтік еңбек саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.










Жоғары қарай