Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмолада 37 жастағы әйел басшылыққа шағымданған әріптесін баспалдақтан итеріп жіберді

2020 жылдың 17 қазан 2020 09:52

АҚМОЛ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Ақмол ауылында 37 жастағы ауыл тұрғыны өзінің әріптесін баспалдақтан итеріп жіберген. Оған себеп - әріптесінің басшылыққа шағым жасауы, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 қазан күні Целиноград ауданының полициясына орталық аудандық аурухананың фельдшері хабарласып, қабылдау бөліміне 56 жастағы әйелдің түскенін айтқан.

Оған қойылған диагноз - екі жіліншігінің төменгі бөлігінің сынығы.

«Кейін анықталғаны - Ақмол ауылының 56 жастағы тұрғыны жергілікті акционерлік қоғамда диспетчер болып жұмыс істейді екен. Сол күні күндізгі 15.00 шамасында ол 37 жастағы әріптесімен кикілжіңге келіп, ол егде әйелге дене жарақатын салады. Оған дейін 56 жастағы жәбірленуші басшылыққа әріптесінің өз міндеттерін дұрыс атқармайтынын айтып шағымданған. Мұны көтере алмаған 37 жастағы әйел шағымданушыны баспалдақтан итеріп, құлатып жіберген» деп түсіндірді ведомстводан.

37 жастағы әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалған. Күдікті өз кінәсін толық мойындады.


Автор Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: Оқиға, Ақмола облысы,
Жоғары қарай