Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмолада 3 жұмысшы кәріз құдығында метанолдан уланып, біреуі көз жұмды

2020 жылдың 11 тамыз 2020 17:50

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында қауіпсіздік техникасы ережесін сақтамаған коммуналдық кәсіпорын жұмысшысы көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аумақтық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, қайғылы жағдай Шортанды кентінде болған. Кәріз құдығында жөндеу жұмыстары кезінде «Шортанды су» коммуналдық кәсіпорнының үш қызметкері метанолдан уланып қалды.




Зардап шеккен «Шортанды су» коммуналдық кәсіпорнының жүргізушісі Андрей Ткачевтың сөзінше, олар орталық кәріз жүйесін тазалау бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіп жатқан.

«Уланған үш жұмысшының ішінде 2001 жылы туған слесарьды құтқару мүмкін болмады, ол сол жерде көз жұмды. Ал, қалған екеуін куәгерлер құтқарып, жедел жәрдем қызметіне тапсырды», - дейді ведомстводан.


Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Ақмола облысы, Оқиға,
Жоғары қарай