Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола жастары қауіпті инфекцияның алдын алу үшін жаңа челлендж бастады

2020 жылдың 18 наурыз 2020 10:44

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының жастары коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында жаңа челлендж бастап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Ақмола облыстық жастар ресурстық орталығы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. «Менің подъезім-менің денсаулығым» челленджі барысында жастар облыс орталығындағы тұрғын үйлер мен ірі сауда үйлерінің кіре берісін тазалап, сүртіп, коронавирус инфекциясының алдын алу туралы жадынама таратуда.

Сонымен қатар, жастар ресурстық орталығымен еріктілер бірлесіп, сауда орындарының басшыларымен профилактикалық шараларды түсіндіру жұмысын жүргізуде.

«Біздің мақсатымыз - жаһанды жалмаған коронавирус инфекциясының алдын алу шараларына үлес қосу. Осы бағытта Ақмола облыстық жастар ресурстық орталығының жастары жергілікті еріктілермен бірлесіп, челлендж бастап кетті», - дейді Ақмола облыстық жастар ресурстық орталығының жанындағы «Волонтерлерді қолдау орталығының» басшысы Данияр Даиров.



Жоғары қарай