Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола тұрғыны танысын өлтіріп, денесін бөлшектеп қораның ішіне көміп тастаған

2020 жылдың 14 қыркүйек 2020 22:56

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 34 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Күдіктіге Бұланды ауданының тұрғыны, 57 жастағы танысын өлтірді деп айып тағылып отыр. Тергеу барысында анықталғандай, күдікті танысымен ақпан айының соңында жанжалдасып қалған. Кейін оны өлтіріп, денесін бөлшектеп, қораның ішіне көміп тастаған», - дейді облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.

Ведомствоның мәліметінше, қаза болған ер адамның туыстары оны бір ай бойы өздері іздеген. Артынша наурыздың 25-де Бұланды аудандық ПБ Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс іздеп кеткен 57 жастағы ағаларын іздеп табуға көмек сұрап өтініш беріпті.

«Жедел іздестіру шарасы барысында тамыздың 9-да полиция қызметкерлері Бұланды ауданының 34 жастағы тұрғынының осы іске қатысы барын анықтады. Анықталғандай, 2020 жылдың ақпан айында екеуі бірге арақ ішкен. Кейін сөзге келіп қалған күдікті 57 жастағы ер адамды өлтірген. Қылмысты жасыру үшін басы мен аяқ-қолдарын кесіп, пешке жаққан, ал денесін қораның ішіне көмген» деп толықтырды ведомстводан.

Осыған байланысты полиция қызметкерлері 10 тамыздағы қылмыстық істі Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігіне ауыстырды.

34 жастағы ер адам қамауға алынды.


Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Оқиға, Ақмола облысы, Заң,
Жоғары қарай