Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола тұрғыны Қазақстан Республикасының азаматтығын 20 жылдан кейін алды

2020 жылдың 27 қыркүйек 2020 19:25

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің пробация қызметкерлері есепте тұрған 1971 жылы туған Геннадий есімді тұлғаға құжат алуға көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметі бойынша, Геннадий аудандық соттың үкімімен ол үш жылға бас бостандығынан айырылған. Есепке қою кезінде жазасын өтеушінің құжаттары жоқ және бұрын халыққа қызмет көрсету орталығына өтінішпен жүгінбеген болып шықты.

Жазасын өтеу барысында Геннадий алдымен орташа, кейін кәсіби білім алып шықты. Ол сотталмас бұрын Қорғаныс күштерінде әскери борышын да өтепті. Кейін еліне оралып, мал өсірумен айналысқан.

2000 жылы үйі өртеніп, барлық құжаттары жанып кеткен. Тек жеке құжатын ғана қалпына келтіруге мүмкіндік болды. Артыншаиөзі жалғыз қалып, ішімдікке салынған екен.

«Жас болғандықтан, құжатты ретке келтіруге жағдай болмады. Жалданып жұмыс істеп күнелттім», - дейді Геннадий, - Қылмысқа да сол мастықпен бардым. Пробация қызметкерлеріне алғысым шексіз. Құжаттарымды өздері рәсімдеп, қалпына келтіріп берді».

Ведомстводан атап өткендей, қазіргі таңда Ақмола облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті Ақкөл аудандық пробация бөлімінің қызметкерлері Геннадийді жұмысқа орналастыру мәселесін шешіп жатыр.

Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Заң, Оқиға, Ақмола облысы,
Жоғары қарай