Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ақмола стационарларында төсек-орын қоры 1 100-ге дейін ұлғаяды

2022 жылдың 18 қаңтар 2022 09:25

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында эпидемиялық жағдайдың нашарлауына байланысты станционарлардағы төсек-орын қоры кезең-кезеңімен 1100-ге дейін ұлғайтылмақшы. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Шағыров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басқарма басшысының орынбасарының айтуынша, бүгінгі таңда өңірдегі жұқпалы ауруларға арналған 870 төсек-орын бар. Облыс «қызыл» аймақта орналасқан.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету желісіне күнделікті өтініштер саны ұлғаюда.

«Бүгінгі таңда бізде жұқпалы ауруларға арналған 870 төсек-орын бар, оның 420 науқастар жатыр. Олардың ішінде 24 науқастың жағдайы ауыр, яғни жансақтау бөлімшесіндегі 105 төсек-орынның 24-і бос емес. Дегенмен, стационарларға түсушілер саны артып келеді. Егер өткен аптада 286 науқас болса, демалыс күндері 420-ға жетті. Төсек қоры 48 пайыз. Бүгінгі таңда көпбейінді облыстық балалар ауруханасындағы коронавируспен ауырғандарға арналған 15 төсек-орынның бесеуінде науқас балалар жатыр. Олар аурудың орташа және ауыр түрлерімен ауыратын балалар», - деді Нұрлан Шағыров.

Оның сөзінше, ақмолалықтар сүзгі кабинеттерге жиі жүгіне бастады.

«Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету желісіне үлкен салмақ түсіп отыр. Біздегі әрекет ету алгоритміне сәйкес, температура, жөтел, жоғарғы тыныс жолдарының катаральды құбылыстары бар барлық адамдар емхана деңгейінде сүзгілерге жіберіледі. Онда олардан ПТР-тест алынады, оларға ем тағайындалады, олар тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіледі, еңбекке жарамсыздық парақтары беріледі. Егер пневмонияның белгілері болса, науқас КТ немесе өкпе рентгеніне жіберіледі. Әрі қарай ауруханаға жатқызу мәселесі шешіледі. Фильтр-кабинеттерде де толып кетпеу керек, яғни балалар, жүкті әйелдер бөлек қабылдануы керек, ағын реттелуі тиіс», - деп қосты Нұрлан Шағыров.

Сонымен бірге, ол атап өткендей, сүзгілерден басқа, әр емханада науқастың үйіне тікелей баратын мобильді бригадалар бар.

Арнайы киім киген медицина қызметкерлері науқастың температурасын өлшейді, ПТР тестілейді, сатурацияны өлшейді және ол 96-дан жоғары болуы керек.

«Бұл - КВИ-дің бесінші толқыны. Бірақ бұрынғымен салыстырғанда ол жеңіл түрде өтеді. Симптомдардың қатарына бірлескен ауырсыну, жөтел, мұрынның ағуы, кейбір адамдарда диарея синдромы бар. Бірақ қант диабеті, семіздік, жоғары қан қысымы сияқты ілеспе аурулары бар адамдар көп зардап шегеді», - деп толықтырды Нұрлан Шағыров.

Оның сөзінше, осы күні эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы өңірдегі инфекциялық төсек санын резервтен кезең-кезеңімен 1100-ге дейін ұлғайту туралы шешім қабылдап отыр.

«Біз екі жылдан астам уақыт пандемия жағдайында өмір сүріп келеміз. Адамдар өздерінің денсаулығы мен басқалардың денсаулығы тек өздеріне байланысты екенін түсінуі керек. Бұл жерде вакцинациядан басқа, медициналық бетперде киюді, антисептикті пайдалануды, қолды жиі-жиі жууды және адамдар көп жиналатын орындарға мүмкіндігінше аз баруды ұмытпау керек», - деп түйіндеді Нұрлан Шағыров.


Жоғары қарай