Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
CNY 55.06

Ақмола полицейлері іздеуде жүрген 10 қылмыскерді қолға түсірді

2019 жылдың 14 наурыз 2019 16:54

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының полицейлері бір тәуліктің ішінде іздеуде жүрген 10 қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметі бойынша, облыс аумағында "Іздеу" жедел алдын алу шарасы жүргізілуде.

"Шараның алғашқы күні мүлік тонау, адам және есірткі саудасына қатысты іздеуде жүрген 10 қылмыскер ұсталды. Мәселен, облыс орталығында Ресейдің Коми Республикасы бойынша ІІМ РФ ҚК 228 бабының 1 бөлігінде (есірткі затын саудалау және жөнелту) қарастырылған қылмысы үшін іздеу жариялаған 36 жастағы қылмыскер ұсталды.

Свердлов облысының Екатеринбург қаласы аумағында мемлекетаралық арнайы операция шеңберінде жеке тұлғаға қатысты қылмыс жасаған қылмыскер қолға түсті. Ер адамның бір жыл бойы іздеуде жүргені анықталды. Ал, Түмен облысының Тоболск қаласында заңсыз есірткі саудасымен айналысқан күдікті ұсталды.

Сонымен қатар, Көкшетау, Степногор, Ерейментау, Шортанды, Егіндікөл және Сандықтау аудандары аумағында іздеуде жүрген қылмыскерлер ұсталды", деп мәлім етті ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Бұған қоса, "Іздеу" жедел алдын алу шарасы кезінде із-түзсіз жоғалған екі ақмолалықтың жүрген жері анықталды.

Жоғары қарай