Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ақмола облысының заңсыз жұмыс істеп жүрген Нигерия азаматы ұсталды

2021 жылдың 10 желтоқсан 2021 17:14

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының аумағында заңсыз жұмыс істеген Нигерия азаматы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысы Полиция департаменті көші-қон қызметі мен Қосшы қаласының Полиция басқармасының қызметкерлері бірлесіп «Келімсек» республикалық жедел алдын алу шарасын өткізуде. Акция барысында облыс аумағында заңсыз жұмыс істеген Нигерия азаматы анықталды.

«Шетел азаматы 2022 жылғы маусымға дейін ЖШС директорының орынбасары ретінде виза алып, алған визамен байланысты емес іс-әрекеттерді іс жүзінде жүзеге асырды. Тексеру нәтижесі бойынша шетелдік азамат ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартылды», - деді ведомстводан.

Осы санкцияға сәйкес, шетел азаматына 25 айлық есептік көрсеткіш (72 925 теңге) мөлшерінде айыппұл салынуы немесе 10 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынуы, иә болмаса елден әкімшілік жолмен шығарылуы мүмкін.



Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Ақмола облысы, Миграция,
Жоғары қарай