Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысының тұтынушыларына жылу үшін алынған 5 млн теңге қайтарылады

2021 жылдың 18 маусым 2021 09:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті жылу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеуге талдау жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Табиғи монополиялар туралы заңнамаға (26-бабының 2-тармағының 11) тармақшасы) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген тарифтерді қалыптастыру қағидаларына (10-тарауының 1-параграфы) сәйкес, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеуге талдау жүргізді» делінген хабарламада.

Қайта есептеу 10 табиғи монополия субъектілері бойынша белгіленген.

Ақмола облысы бойынша ТМРКД-ы тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында, қайта есептеуді жүргізу туралы талаппен субъектілердің атына хаттар жолдады.

Мәселен, Ақмола облысы бойынша 2020/2021 жылдардың өткен жылыту кезеңінде 10 субъект бойынша жалпы сомасы 5 880 500 теңгеге (ҚҚС-мен) жылу энергиясы үшін төлем қайта есептелетін болады, оның ішінде:

- «Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК-ы бойынша – 290 560 теңге (ҚҚС есебімен);

- «Степногорск Энергосбыт» ЖШС-ы бойынша - 511 659 теңге (ҚҚС-мен);

- «Коммунсервис» ШЖҚ МКК-ы бойынша - 710 440 теңге (ҚҚС-мен);

- «Теміржолсу-Көкшетау» ЖШС-ы бойынша - 25 577 теңге (ҚҚС-мен);

- «Котельная АСИ» ЖШС-ы бойынша - 20 620 теңге (ҚҚС-мен);

- «Жастар Атбасар» ЖШС-ы бойынша - 93 850 теңге (ҚҚС-мен);

- «Есіл горкомхоз» ШЖҚ МКК-ы бойынша - 2 912 380 теңге (ҚҚС-мен);

- «Комхоз» ШЖҚ МКК-ы бойынша - 524 793 теңге (ҚҚС-мен);

- «Ақкөл-горкомхоз» ШЖҚ МКК-ы бойынша - 787 600 теңге (ҚҚС-мен);

- «Бурабай тазалық» ШЖҚ МКК-ы бойынша - 3 017 теңге (ҚҚС-мен).

Осылайша, жоғарыда көрсетілген субъектілердің тұтынушыларына қайта есептеу 2021/2022 жылдардағы жылу беру кезеңінің басына алдын ала төлем түрінде дербес шоттарға есептеу немесе реттеліп көрсетілетін жылумен жабдықтау қызметіне есептеуді азайту жолымен жүргізетін болады.

Бұл ретте, 2020/2021 жылдардың жылыту кезеңі үшін қайта есептеу сомасының 2019/2020 жылдардың жылыту кезеңі үшін қайта есептеуден төмендеуі, осы жылыту кезеңінде сыртқы ауа температурасының төмендеуіне, сондай-ақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнататын тұтынушылардың ұлғаюына байланысты екенін атап көрсету қажет.


Басты сөздер: Ақмола облысы, Энергетика,
Жоғары қарай