Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ақмола облысының диқандары күзгі егін орағына кірісті

2020 жылдың 14 тамыз 2020 17:30

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының диқандары күзгі егін орағы науқанына кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, бүгінгі күні облыста 52,3 мың гектардың егіні орылып, 40,6 мың гектары бастырылды.

«Облыс бойынша әзірге әр гектардан орта есеппен 9,4 центнерден астық жиналуда. Бұланды ауданында гектар берекесі 14,1 центнерден айналуда. Орақ науқанына астықты өңірлер Жарқайың, Жақсы және Атбасар аудандарының диқандары қызу кірісіп кетті. Өзге аудандардың диқандары да ерте пісетін егін алқабын дестеге түсіре бастады», - дейді ауыл шаруашылығы басқармасынан.

Еске сала кетейік, биылғы жылы ақмолалық диқандар 4446,7 мың гектарға дәнді және бұршақты дақылдар, 254 мың гектарға майлы дақылдар еккен.


Жоғары қарай