Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ақмола облысының бас дәрігері өңір тұрғындарын вакцина алуға шақырды

2022 жылдың 21 қаңтар 2022 10:53

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жыл басынан бері коронавирус инфекциясынан 10 адам қайтыс болды, оның барлығы - вакцина салдырмағандар. Бұл туралы Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Сыздықов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл басынан бері өңірдегі инфекциялық стационарларда 10 адам көз жұмды. Олар мүлдем вакцина алмағандар, барлығы дерлік созылмалы аурулары бар, қарттар. Біз реанимациядағы ауыр науқастарға талдау жүргіздік, соның қорытындысы бойынша вакцинация науқаны басталғаннан бері стационардағы ауыр науқастардың 98-99 пайызы вакцина алмағандар екеніне көз жеткіздік», - деді Н.Сыздықов.

Басқарма басшысының айтуынша, вакцина иммунитеті әлсіз науқастарда да КВИ ауруының ықтималдығын азайтады, ал егер адам аура қалған жағдай оның салдарын азайтуға көмектеседі.

Әдетте вакцинацияланған адамдар КВИ-ны жеңіл түрде алып жүреді және тез қалпына келеді.

«Медицинаға сеніңіздер! Біз күн сайын вакцинацияны елемейтін адамдардың немқұрайлығының салдарын көріп жүрміз. Коронавирус инфекциясынан көз жұмып жатқандар - вакцина алмағандар. Бүгін елімізде КВИ жұқтырғандар саны бойынша рекорд болды. Бұл адам өмірі мен денсаулығы үшін арпалысқан дәрігерлеріміз үшін өте қиын. Қазіргі кезде бұл аурумен күресіп, адам шығын азайтудың бір-ақ жолы бар, ол - вакцинация. Сол себепті барша ақмолалықты вакцина алуға шақырамын», - деді Н.Сыздықов.

Айта кетсек, алдағы аптадан бастап Ақмола облысында «Спутник Лайт» вакцинасы қолданылады.


Жоғары қарай