Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ақмола облысының әкімі журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады

2020 жылдың 27 маусым 2020 09:09

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - БАҚ қызметкерлері күніне орай Ақмола облысында бірқатар журналистер аймақ басшысының Алғыс хатымен және сыйлығымен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда өңірде 88 масс-медиа, республикалық БАҚ-тың 20 меншікті тілшісі бар. Олар қоғам мен билік арасында диалогты дамытуда аянбай еңбек етуде. Журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтаған аймақ басшысы Ермек Маржықпаев олардың өңірде медиа кеңістікті дамытуға қосып отырған үлесін ерекше атап өтті.

«Құрметті мамандық иелері Сіздердің таланттарыңыз бен шеберліктеріңіздің арқасында бұқаралық ақпарат құралдары тұрғындардың өміріне, қызық-қуаныштарына және қамқорлығына жақындай түсуде. Сіздердің жедел қимылдарыңыздың арқасында облыс тұрғындары қолға алынып жатқан мемлекеттік шаралар туралы қажетті және шынайы ақпарат ала алады. Сол үшін сіздерге бүгін рахмет айтқым келеді», - деп атап өтті аймақ басшысы.

Бұдан бөлек, аймақ басшысының «Алтын қалам» сыйлығы үшін жыл сайын БАҚ өкілдері арасында өткізілетін облыстық байқаудың жеңімпаздары анықталып, марапатталды. Сонымен қатар, журналистика саласының ардагерлері де назардан тыс қалған жоқ. Оларға да естелік сыйлықтар мен гүл шоқтары тапсырылды.


Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Ақмола облысы, БАҚ, Қоғам,
Жоғары қарай