Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысының әкімі әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады

2021 жылдың 6 наурыз 2021 12:50

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу қарсаңында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев көпбалалы аналармен және түрлі қызмет салаларының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстың ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Кездесуде аймақ басшысы көп балалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгілерін, мәдениет мекемелерінің қызметкерлеріне «Мәдениет саласының үздігі» төс белгілерін және өз кәсібінің үздік өкілдеріне Алғыс хат табыс етті. Облыс әкімі өз сөзінде біздің мемлекетімізде отбасы институтын қолдау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. Ана мен баланы әлеуметтік қорғаудың қолданыстағы шаралары халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Бүгінде облыста жан-жақты мемлекеттік қолдау көрсетілетін 15 мыңнан астам көпбалалы ана тұрады.




«Ақмола облысының әйелдері тіршіліктің барлық саласында жұмыс істейді. Олар өздерінің күнделікті еңбектерімен өңірдің және жалпы республиканың дамуына лайықты үлес қосуда. Көктемгі мереке қарсаңында әйелдер-дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне, полиция мен әскери қызметкерлерге, меценаттарға, педагогтер мен еріктілерге инфекциямен күреске қосқан үлесі және халыққа пандемиядан туындаған қиындықтарды жеңуге көмектескені үшін зор алғысымды білдіремін», - деп атап өтті Ермек Маржықпаев.

Бұдан бөлек, аймақ басшысы Көкшетау қаласының коммуналдық қызмет қызметкерлерін облыс орталығының трансформациясына елеулі үлес қосып келе жатқан қыз-келіншектерді құттықтады.

«Күн сайын ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, сіздер біздің сүйікті қаламызды көркейтуге атсалысып келесіздер. Сіздер кез-келген жұмыстан қаймықпай, оны лайықты деңгейде орындап жүрсіздер. Сіздерге шын жүректен денсаулық, ұзақ өмір және сарқылмас күш-қуат тілеймін», - деді Ермек Маржықпаев.

Сонымен қатар, осы күні құттықтау сөздері басқа да салалардың өкілдеріне жолданды.


Жоғары қарай