Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Ақмола облысындағы волонтерлер мұқтаж жандарға көмек көрсетуде

2020 жылдың 20 наурыз 2020 20:32

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында волонтерлер мұқтаж жандарға антисептикалық құралдар, медициналық маска және әлеуметтік маңызы зор азық – түлік тауарларын таратуда. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Біз біргеміз! «Nur Otan» бірыңғай республикалық акциясы шеңберінде бірінші кезекте жалғыз басты қариялар, ерекше мұқтаждығы бар көп балалы отбасыларға көрсетілуде.

«Бүгін волонтерлердің мобилді бригадасы жасақталды. Оның құрамында «Nur Otan» партиясының өкілдері мен «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері бар. Олар жалғыз басты қариялар мен көп балалы отбасыларға «есіктен есікке» қағидасы бойынша қайырымдылық шарасын өткізді. Әлеуметтік себетке гигиеналық заттар, азық түлік, медициналық маска және жергілікті «Тұрмыстық химиялық зауыт» ЖШС антисептикалық өнімдері бар»,- дейді «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалының баспасөз хатшысы Динара Дүйсенова.

Акция барысында волонтерлер облыс орталығында тұратын әлеуметтік жағынан тұрмысы төмен 100-ден астам отбасына көмек көрсетуде. «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Ғалым Бекмағамбетовтың айтуынша, өңірде қайырымдылыққа қол ұшын созуға дайын партия мүшелері жеткілікті.




«Біз Ақмола облысы аумағында тұратын көп балалы отбасыларға, әлеуметтік жағынан аз қамтылғандарға, соғыс ардагерлеріне, жалғыз басты қарияларға көмектесеміз. Бізде мұқтаж жандардың тізімі бар. Сол бойынша азық-түлік жетікізіп береміз. Алдын ала хабарласып, не қажет екенін сұрап біліп аламыз. Акция одан әрі жалғаса беретін болады», - деді Ғ.Бекмағамбетов.




Бұдан бөлек партияның Ақмола облыстық филиалының мүшелері коронавируспен күресу үшін бір күндік еңбекақыларын аударды.


Жоғары қарай