Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ақмола облысындағы медқалдықтарды жоятын зауыт басқа жерге көшіріледі

2020 жылдың 10 маусым 2020 17:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Целиноград ауданындағы медициналық қалдықтарды жою зауыты басқа жерге көшіріледі. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында БАҚ өкілдері министрден Ақмола облысы Целиноград ауданындағы медициналық қалдықтардың көзін жоятын кәсіпорынның жұмысы неліктен тоқтамай жатқанын сұраған еді.

«Менің біліуімше, бұл зауыттың жұмысы тоқтатылды. Расында да бұл мәселеге қатысты халықтан да, журналистерден де бірнеше мәрте сауал келіп түскен болатын. Мен осыдан бірнеше ай бұрын бұл мәселе жайында айтқан да едім. Біз тиісті сауалды сотқа бердік. Енді соттың шешімін күтіп отырмыз. Дегенмен, менің білуімше бұл зауыттың жұмысы қазіргі уақытта толықтай тоқтап тұр. Ақмола облысының әкімімен сөйлесіп, аталған компанияға басқа жерден арнайы учаске бөлу мәселесін көтергенмін. Және де бұл мәселе өз шешімін тапқан еді. Сондықтан зауыт басқа жерге көшіріледі», - деп жауап берді Мағзұм Мырзағалиев.


Жоғары қарай