Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ақмола облысындағы автомобиль жолдарының сапасы қалай тексерілуде

2022 жылдың 16 қаңтар 2022 18:11

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысындағы автомобиль жолдарының сапасы толық бақылауда. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Жол активтерінің сапасы Ұлттық орталығы Ақмола облыстық филиалының мамандары мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол активтерінің сапасы Ұлттық орталығының Ақмола облыстық филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен жылы облыстық және жергілікті маңызы бар 800 шақырым жол, сондай-ақ көше-жол желісі жөнделді. 230 жоба іске асырылды, олардың бір бөлігі ағымдағы жылы жалғасын табады. Бірақ бұл ретте барлық жөндеу-құрылыс жұмыстары сапалы орындалуы және барлық талаптарға сәйкес келуі маңызды. Осы мақсатта жол активтерінің сапасы Ұлттық орталығының Ақмола облыстық филиалы 180-нен астам жол-құрылыс нысандарын бақылау арқылы ауқымды жұмыс атқарды.




«Біздің мамандар бұл нысандарға 270 рет барып, жол-құрылыс материалдарының 1164 сынамасын алды. Зертхана сараптамасы қорытындысы бойынша материалдардың 705 үлгісі стандарт талаптарына сәйкес келді. Алайда, жол сапасын тексеру кезінде жүзден астам заң бұзушылық анықталды. Осы ретте, біз әкімдіктерге, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына, мердігерлік ұйымдарға бұзушылықтар, ескертулер мен сәйкессіздіктер бойынша хаттар мен сынақ хаттамаларын жолдадық. Бұзушылықтардың бір бөлігі жойылды, олар бойынша шаралар қабылданды», - деді филиал директоры Талғат Жүсіпов.




Филиал мамандары атап өткендей, олардың жұмысының басты мақсаты – кінәліні жазалау немесе іздеу емес, кемшіліктерді уақытында табу және жою.


Жоғары қарай