Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысындағы ауыл мектебінде жылыту жүйесі жаңартылды

2021 жылдың 6 қазан 2021 14:48

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Ақмола облысында игі істер марафоны жалғасуда. Акцияны қолдауда мемлекеттік қызметшілер де белсенділік танытуда. Қорғалжын ауданы әкімінің орынбасары Дарын Сабырғалидің бастамасымен Өркендеу ауылындағы мектепте пеш жабдықтары ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Аудан әкімдігінен атап өткендей, ауыл мектебі қысқа толық дайындықпен келді.

Яғни, демеушілер тобының қолдауымен сатып алынған қажетті жабдықтар жеткізіліп орнатылды.

Баласы осы мектепте оқитын ауыл тұрғындары үшін бұл қуанышты жаңалық болды.

«Біз, ауыл тұрғындары, мәселені шешуге көмектескендердің барлығына шынайы алғысымызды білдіреміз. Бүгінде 105 оқушы жылы кабинетте оқиды», - дейді оқушылардың ата-анасы Төлеухан Бидалов пен Бота Оспанова.




Айта кетсек, Өркендеу ауылындағы Амангелді орта мектебі 1968 жылы салынған.

Бүгінгі таңда мектепте 11 оқу кабинеті және екі зертхана, соның ішінде мультимедиа, информатика, физика, лингафон, биология және технология кабинеттері жұмыс істейді.

Еске сала кетсек, биылғы жазда Қорғалжын ауданының Алғабас ауылында кәсіпкерлердің қолдауымен бастауыш мектептің су құбыры мен кәріз жүйесі пайдалануға берілген болатын.








Жоғары қарай