Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысындағы 12 нысанда карантин шектеу бұзылғаны анықталды

2021 жылдың 16 тамыз 2021 20:15

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында мониторинг топтары карантин шектеуін сақтамағандарды анықтап жатыр. Соңғы аптада 442 нысанды тексерді, оның 12-де карантин шаралары бұзылғандығы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, шектеу шараларын бұзу Бұланды (5), Бурабай (2), Қорғалжын (2), Зеренді (1) аудандарында және Біржан сал ауданында (1), сондай-ақ Степногорск қаласында (1) анықталып отыр. Оның ішінде маска тағу режимі жиі бұзылады. Осыларға қатысты 9 әкімшілік айыппұл салынды.

«Өңірдегі эпидемиологиялық жағдай күрделі, күніне 200-ден астам жағдай тіркеліп, тиісінше ауруханаға түскендердің саны артуда. Бүгінгі күні инфекциялық стационарларда 1 343 адам емделіп жатса, жансақтау бөлімінде 123 науқас бар», - деді ведомстводан.

Айталық, Ақмола облысында 206 мониторинг топ жұмысын жалғастыруда. Жыл басынан бері карантин шектеуін сақтамаған 551 нысан анықталды. Осыған байланысты 590 әкімшілік айыппұл салынды, оның ішінде жалпы сомасы 79,8 млн теңге болатын 575-і қаралды. Соттың қарауына тағы 14 материал жолданды.

«Соңғы аптада мониторинг топ 442 нысанды тексерді, оның 12-де немесе 2,7 пайызында карантиндік шаралардың бұзылғандығы анықталды», - деп қосты ведомстводан.

Осы ретте, департамент қызметкерлері тұрғындарға санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтауға, бетперде киюге, адамдар көп жиналатын жерге бармауға шақырады.


Жоғары қарай