Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ақмола облысында жазасын өтеушілер «Қозы-Көрпеш – Баян-Сұлу» күнін атап өтті

2020 жылдың 15 сәуір 2020 21:00

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысындағы түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқандар «Қозы-Көрпеш – Баян-сұлу» күнін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақ халқының лиро-эпостық жырларының ішіндегі ең көркемі әрі ең көп таралып, танылғаны Қозы Көрпеш пен Баян сұлу жыры. 15 сәуір – Қозы Көрпеш – Баян сұлу күні елімізде 1999 жылдан бері тойланып келеді. Бастапқы жылдары ол кей өңірлерде ішінара аталып өтсе, қазір еліміз бойынша кең қанат жаюда.

Қозы мен Баянның антқа берік мүлтіксіз мөлдір махаббаты мен нәзік сезімдері бүгінгі жас ұрпаққа үлгі өнеге.

«Бүгін Ақмола облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің түзету мекемесінде жас жұптардың бейнебайланысы ұйымдастырылды. Жазасын өтеп жатқан ер адамға әйелі келіп, бір-біріне деген адал, пәк, кіршіксіз таза сезімдерін айтып, өмірдің қиын кезінде қолдау білдірді.

Ал, тағы бір жас келіншек, жолдасына әкелген алма және кәмпиттің арасына өзінің суретімен бірген махаббат пен адалдықтың символы - «Жүрекше» тапсырды»,-деді ведомстводан.


Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Қоғам, Ақмола облысы,
Жоғары қарай