Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 447.67
EUR 491.36
RUB 5.74
CNY 63.07

Ақмола облысында жастарға бөлінген ақшаны жымқырғандар сотталды

2020 жылдың 21 қаңтар 2020 16:47

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының прокурорлары жастарды жұмысқа орналастыру үшін бөлінген бюджет қаржысын ұрлаудың қылмыстық схемасын ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Ведомствоның дерегі бойынша, облыстық прокуратура Жастар саясаты басқармасын тексеру барысында жастардың жұмыспен қамтуға және орналастыруға бөлінген бюджет қаражаттарын жымқыру фактілерін анықтады.

«Басқарманың бұрынғы маманы жалған құжаттар арқылы студенттерді жастар ұйымдарына, олардың басшыларымен достық қарым-қатынаста болып, формальды түрде жұмысқа орналастырған. Алаяқтық әрекеттердің нәтижесінде 1 миллион 400 мың теңгеден астам ақша ұрланған», - деді ведомстводан.

Прокуратурадан атап өткендей, Көкшетау қалалық сотының үкімімен бұрынғы мемлекеттік қызметші Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша сотталып, оған он есе мөлшерде - 14 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

«Сол үкімімен жастар қоғамдық бірлестіктерінің бұрынғы үш жетекшісі 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады», - деп толықтырды ведомстводан.


Жоғары қарай