Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында жасөспірімді пышақпен қорқытқан 60 жастағы ер адам ұсталды

2021 жылдың 20 қазан 2021 13:14

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жасөспірімді пышақпен қорқытқан 60 жастағы күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылғы қазанның 19-да Ерейментау аудандық ПБ кезекшілік бөліміне 52 жастағы жергілікті тұрғынынан арыз түскен. Ер адамның сөзінше, оның 16 жастағы ұлын ер адам пышақпен қорқытқан.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын Қылмыстық кодекстің 99-шы бабының 1-бөлігі, 293-ші бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық жауапқа тартылған жергілікті тұрғын, 60 жастағы ер адам анықталды. Тексеру кезінде күдіктіден пышақ тәркіленді», - деді ведомстводан.

Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 293-ші бабының 3-бөлігі «бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Күдіктіні қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.


Жоғары қарай