Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында жасөспірімдер өртеген терек мамығының кесірінен автобус паркі отқа оранды

2021 жылдың 10 маусым 2021 12:56

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Атбасар ауданында жасөспірімдердің терек мамығын жағып ойнауы салдарынан автобус паркінің жабық тұрағы өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Атбасар АПБ кезекші бөліміне жергілікті көлік кәсіпорны директорынан автобус паркінің жабық тұрағының өртенгені туралы арыз түсті. Шығын сомасы 3 миллион теңге көлемінде бағаланды.

«Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 16 және 17 жастағы екі жасөспірімнің терек мамығын тұтатуы кесірінен кәсіпорын қоршауының бір бөлігі өртенгенін анықтады. Қоршаудан шыққан өрт кейіннен автобус паркінің тұрағының төбесіне жайылды», - деп түсіндірді ведомстводан.

Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 204 бабы 2-ші бөлігі «бөтен мүлікті абайсызда жою немесе бүлдіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде.

Осы ретте, тәртіп сақшылары ата-аналарды балаларына бақылауды күшейтуге және жазғы демалыс кезінде олардың бос уақытын тиімді өткізуге шақырады.


Жоғары қарай