Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында «Жас дарын» республикалық байқауы басталды

2021 жылдың 25 ақпан 2021 13:34

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Ақмола облысында «Жас дарын» республикалық байқауының облыстық кезеңі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, байқауға Атбасар, Шортанды, Есіл, Жарқайың, Жақсы аудандары және Көкшетау қаласындағы барлығы 6 балалар музыка мектебі қатысып, бақ сынайды. Қатысушылардың арасында 19 солист, Көкшетау қаласынан 1-үрмелі аспаптар оркестр, 2 скрипкашылар ансамблі және 1 флейташылар ансамблі бар.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ақмола облысы балалар музыка мектептерінің және өнер мектептеріндегі музыка бөлімдерінің білім алушылары арасында ұйымдастырылып отырған байқауға барлығы 50 адам қатысады. Жеңімпаздар жас санатына қарай анықталады. Байқаудың мақсаты - классикалық және заманауи өнердің үздік үлгілерін меңгеру және орындау арқылы білім алушы тұлғасының рухани мәдениетін қалыптастыру, балалар музыка мектептерін және өнер мектептерін дамыту, олардың бала тұлғасын тәрбиелеу, оқыту және шығармашылық дамытудағы рөлін арттыру», - дейді облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы Индира Қалымжанова.

Байқауды Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы» және Ақкөл ауданы білім бөлімі бірлесіп қолға алып отыр.

«Жас дарын» республикалық байқауының облыстық кезеңі келесі жас санаттары бойынша өтеді:

Ішекті-ысқылы аспаптар сыныбы бойынша білім алушылар үшін:

1) кіші жас тобы – 10 жасқа дейін (9 жасты қоса алғанда);

2) орта жас тобы – 10 жастан 13 жасқа дейін (12 жасты қоса алғанда);

3) жоғары жас тобы – 13 жастан 18 жасқа дейін (17 жасты қоса алғанда).

Үрлемелі және ұрмалы аспаптар сыныбы бойынша білім алушылар үшін:

1) кіші жас тобы – 11 жасқа дейін (10 жасты қоса алғанда);

2) орта жас тобы – 11 жастан 14 жасқа дейін (13 жасты қоса алғанда);

3) жоғары жас тобы – 14 жастан 18 жасқа дейін (17 жасты қоса алғанда).

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен олардың педагогтері және концертмейстерлері де марапатталады.


Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Ақмола облысы, Мәдениет,
Жоғары қарай