Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында жалған нөмірлі көлік анықтады

2021 жылдың 21 тамыз 2021 21:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақмолалық полицейлер «Автомобиль» іс-шарасы барысында жалған нөмірлі автокөлікті анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

18 тамызда Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Әуезов көшесімен жүріп келе жатқан, 38 жастағы жүргізушісі жүргізген көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар Toyota Highlander маркалы автокөлігін анықтады.

Жүргізушінің тіркеу құжаттары мен агрегаттардың түйіндерін тексеру барысында көліктің бұрын есептен шығарылғаны, ал кейінірек оған ресейлік есептің жалған нөмірлері қойылғаны анықталды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 386-бабының 1-бөлігі (Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау, жою, көрінеу жалған сәйкестендіру нөмірі бар көлік құралын өткізу) бойынша сотқа дейінгі іс басталды. Тәртіп бұзушының көлігі арнайы тұраққа қамалды.

Тергеу амалдары жалғасуда.

Сараптама тағайындалды.


Жоғары қарай