Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Ақмола облысында үздік педагогтар марапатталды

2019 жылдың 3 қазан 2019 20:48

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында Ұстаздар күніне арналған салтанатты шара өтіп, үздік педагогтарға түрлі марапаттар табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірде соңғы он жылда ұстаздар династияларының саны айтарлықтай артты. Зеренді ауданы Қызылтаң ауылындағы Жайықбаевтар отбасының педагогикалық еңбек өтілі 427 жылды құрайды. Бұл туралы бүгін аймақ басшысы Ермек Маржықпаев Ұстаздар күніне арналған салтанатты жиында атап өтті.




«Мектепте ерекше қабілеті мен дарыны бар, ең бастысы, балаларды сүйе білетін адам жұмыс істеуі керек. Ондай жандар бізде өте көп. Әкесі, ұлдары, қыздары, келіндері, немерелері, енді, міне шөберелері өздері үшін осы кәсіпті таңдап, адам қызығарлық сабақтастық, таңдаған ісіне сүйіспеншілік танытып келеді», - деді аймақ басшысы Е.Маржықпаев.




Облыстың талантты педагогтарының ұрпақтары арасында Ермек Маржықпаев Көкшетаудан Мұқышевтардың, Степногорскіден Ахметовтердің, Атбасар ауданынан Буртовтар мен Пакинигистердің жаняұларын айта келе, еліміздің келешек ұрпаған тәрбиелеуде қосып отырған үлестеріне шынайы алғысын білдірді.

Өңір басшысы мемлекет тарапынан педагогтың мәртебесін арттыру үшін кешенді шаралар қолға алынып отырғанына назар аударды. Кадрларды дайындау сапасына, олардың кәсіби біліктілігін жақсартуға, лайықты жалақымен қамтамасыз етуге көп көңіл бөлінуде. Соңғы екі жылда жаңа жүйе бойынша 5 мыңнан аса мұғалім аттестациядан өтті. Олар қазіргі уақытта лауазымдық кесімді жалақыларына 30-дан 50 пайызға дейін үстемеақы алып отыр.

«Білім беру жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлестері мен көп жылғы қажырлы еңбектері үшін Аршалы, Зеренді, Целиноград, Жақсы, Бұланды аудандарынан келген мұғалімдер Досан Балташев, Мақпал Бекмағанбет, Байділдә Елубаев, Фарида Жақауова, Любовь Матвиенко Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен наградталды. Облыс әкімі педагогтарға ведомстволық наградалар мен алғыс хаттар, сауықтыру орталықтарына жолдамалар табыс етті. Сонымен қатар, облыстың 14 үздік ұстазының әрқайсысына 100 мың теңгенің сертификаттары берілді», - дейді ведомстводан.



















Жоғары қарай