Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында үйі өртеніп кеткен отбасыға үш бөлмелі жаңа пәтер берілді

2020 жылдың 12 тамыз 2020 10:41

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Атбасар ауданының Хрящевка ауылында өрттен зардап шеккен отбасыға Атбасар қаласынан үш бөлмелі жаңа пәтердің кілті тапсырылды. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Абай Бекбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, жаңа пәтердің кілтін аудан әкімі Аманбек Қалжанов тапсырды. Пәтер кәсіпкерлер мен тұрғындардан жиналған ақшаға сатып алынған. Қажетті ақшаның басым бөлігі жергілікті кәсіпкерлердің, ал қалғаны облыс және аудан тұрғындарының есебінен жиналды. Барлығы 17 миллион теңге ақша жиналды.

«Біз зардап шеккен бұл отбасының жағдайын бірден бақылауға алдық. Жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмектестік, қажетті медициналық қызмет, психолог көмегін ұсындық. Кәсіпкерлер бірлесіп баспана мәселесін шешуді қолға алды. Жиналған ақшаның бір бөлігіне пәтер сатып алдық, ал қалғанын түгел аталмыш отбасыға тапсырдық. Аудан тұрғындары атынан қиын сәтте қол ұшын созған адамдардың барлығына алғыс айтамын», - деді А.Қалжанов.

Өз кезегінде зардап шеккен отбасының мүшелері кәсіпкерлер мен тұрғындарға баспанамен қамтамасыз етіп, материалдық көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді.

Айта кетейік, 29 шілдеде Атбасар ауданының Хрящевка ауылындағы жеке үйде өрт шығып, 3 бала көз жұмған болатын.



Жоғары қарай