Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында ұры саусақ ізі арқылы табылды

2021 жылдың 10 қазан 2021 03:04

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолада ұры саусақ ізі арқылы табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім еткендей, 18 қыркүйек күні Көкшетау қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының 60 жастағы тұрғынынан өтініш келіп түсті.

Арызданушы белгісіз біреулер азық-түлік дүкеніндегі терезені сындырып, халық тұтынатын тауарлар мен жалпы сомасы 25 мың теңге ақша қаражатын ұрлағанын хабарлады.

Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы шықты, оның құрамына кинологтар мен криминалистер кірді.

Жедел-криминалистикалық басқарма қызметкерлері оқиға орнынан 10 қол ізін тәркіледі.

Дактилоскопиялық ақпаратты зерттеу негізінде күдікті анықталды. Ол 27 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабымен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айта кету керек, ағымдағы жылдың тоғыз айында Ақмола облысы ПД Жедел-криминалистикалық басқармасының криминалистерінің мамандары оқиға орнында 2 мыңнан астам тексеру жүргізді.

Оның нәтижесі бойынша күдіктілердің 213 қылмыс бойынша «саусақ ізі» анықталды.


Жоғары қарай