Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында тұрғын үйлердің заңсыз берілгені анықталды

2021 жылдың 1 қыркүйек 2021 17:59

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы прокуратурасы мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер бөлу кезінде заң бұзушылықтарға жол беру фактілерін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, прокурорлық тексеріс облыстың барлық аудандарын қамтыды. Көкшетау қаласында бюджеттік ұйымның қызметкері 2017 жылы мемлекеттен алған пәтерді үшінші тұлғаларға жалға беретіндігі анықталды.

«Көкшетау қаласы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша аталған тұлға пәтерден көшіріліп, пәтер көп балалы отбасына берілді. Астрахан ауданында 2017 жылы бюджеттік ұйымның қызметкеріне мемлекет қорынан пәтер ұсынылған болатын. 2020 жылы қызметкер өз атына бұдан басқа пәтерді мұра ретінде қабылдағаны анықталды. Бүгінгі таңда мемлекет қорындағы пәтер 11 жыл кезекте тұрған жетім балаға берілді», - деді ведомстводан.

Ведомстводан атап өткендей, тексеру қорытындысы бойынша мемлекетке 20 пәтер қайтарылды.

«Жақын арада пәтерлер қайта бөлінеді және бірінші кезекте халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі. Бұл бағытта жұмыс жалғасатын болады», - деп толықтырды ведомстводан.


Жоғары қарай