Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ақмола облысында тағы екі фейк-ақпараттың авторы ұсталды

2020 жылдың 30 наурыз 2020 01:45

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар және бірқатар елді мекеннің жабылатыны туралы жалған ақпарат таратқандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, бірінші жағдай Степногор қаласында тіркелді. Қалалық ПБ қызметкерлері әлеуметтік желі және WhatsApp мессенджеріне мониторинг барысында қалада комендаттық сағат енгізіліп, тұғындардың көшегі шығуына тыйым салынғаны туралы жалған ақпарат таратылғанын анықтады. Сонымен қатар фейк-ақпараттың авторы Ақкөл, Степногорск қалалары және Шортанды кенті аумағында блокбекеттер қойылатынын айтқан.

«Күдікті сол күні анықталды. Белгілі болғандай Степногор қаласының 29 жастағы тұрғыны 28 наурызда сағат 08:30 шамасында WhatsApp мессенджеріндегі топқа аталмыш жалған ақпаратты таратып, 18100 адамды жаңылыстырды», - делінген баспасөз хабарында.

Екінші жағдайды 29 наурызда сағат 00:00-де Жақсы аудандық ПБ қызметкерлері анықтады. Күдікті Жақсы кентінің 23 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол да WhatsApp-тағы топқа Атбасар қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған адам анықталғаны жайлы жалған ақпарат таратқан.

«Қазіргі кезде екі тұрғынның үстінен ҚР ҚК-нің 274-бабы (жалған ақпарат тарату) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп толықтырды ведомстводан.

Айта кетейік, тәртіп сақшылары өңір тұрғындарына жалған ақпараттың авторлары ғана емес, сондай-ақ оны таратқан тұлғар да қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Жоғары қарай