Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында сотталушының асқазанынан ұялы телефон табылды

2021 жылдың 16 қаңтар 2021 20:16

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында колонияда жазасын өтеп жатқан сотталушының асқазанынан ұялы телефон табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, билік өкіліне қатысты қылмыстық әрекеттері үшін сотталып, Ақмола облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЕЦ-166/18 мекемесіне жеткізілген Жамбыл облысының 36 жастағы тұрғынынан рентген-жабдықтар арқылы өту кезінде тыйым салынған зат бар екені анықталды. Сотталушы ұялы телефон қалтасында емес, асқазанында екенін айтты.

«Рентген сотталушының асқазанында ұзындығы 6 см «Nokia» телефонынан басқа, қолданыстағы SIM картасы да бар екенін көрсетті. Қазіргі кезде, осыған байланысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде», - деп мәлім етті ведомствоның баспасөз хатшысы Ирина Горнова.






Жоғары қарай