Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында пандемия кезінде де өнеркәсіп өнімдерінің көлемі артты

2020 жылдың 2 желтоқсан 2020 20:50

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысынның кәсіпорындары пандемияға қарамастан өндіріс көлемін кеміткен жоқ. Қауіпті вирус қызмет көрсету саласына кері әсер етті, соған қарамастан өңдеуші сектордың бір бөлігінде даму көрсеткіші, артты деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Химия, фармацевтика, жеңіл өнеркәсіп және машина құрылысы (жекелей алғанда станционар және ИВЛ мобилді аппараттарын шығаруы) кәсіпорындары өңдірістік сұраныс жоғары дизенфекциялау өнімдерін, медикаменттер және жеке құрғаныс құралдарын шығару бойынша әртараптандырды.

Облыстағы тігін фабрикалары мен ательелер жаппай медициналық маска тікті. «Тыныс» акционерлік қоғамы тәулігіне 25 мыңға дейін маска шығарды. 2020 жылдың наурызынан бастап шығарылған қорғаныс маскаларының саны 1,8 миллионнан асты.

Шекараның шабылуы киім, аяқкиім және тоқыма өнімдерін шығаратын жергілікті жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарына жаңа мүмкіндік ашып отыр. Жыл басынан бері былғары аяқкиімдерінің өндірісі 6 есеге, тоқыма өнімдерінікі 60 пайызға ұлғайды.

Химия өнеркәсібінде дезинфекциялау өнімдерін өндіру өңірдегі бес кәсіпорында дұрыс жолға қойылды. Наурыздың 19-да антисептиктер өнідірісі 725,1 мың литрден асты.

Еске сала кетейік, «Тыныс» акционерлік қоғамы айына 500 дана жасанды тыныс алу апараттын шығарып жатыр.

Карантин шаралары кезінде электронды саудаға сұраныс артты. 2019 жылы облыста интернет арқылы бөлшек және көтерме сауда қызметінің көлемі 3,4 миллиард теңгені құрады. Соңғы 3 жылда электронды сауда көлемі 3,7 есеге артты.

Айталық, биылғы жылы облыста help24.kz бірыңғай онлайн-сервис іске қосылды. Оған тауар жеткізіп, онлайн қызмет көрсететін 81 компания еніп отыр. Қызмет көрсету кәсіпорындар мен 4058 сауда нүктесінде 5 мың астам POS-терминал орнатылды.


Жоғары қарай