Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында өрт шыққан пәтерден мүгедек әйел құтқарылды

2021 жылдың 18 қаңтар 2021 13:21

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Степногор қаласында 5 қабатты үйдің пәтерінен өрт шығып, 3 топтағы мүгедек әйел құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, ағымдағы жылдың 17 қаңтарында таңғы сағат 09:52 шамасында Степногор қалалық ТЖБ байланыс бөліміне қаланың 7 шағын ауданындағы көпқабатты үйдің 5-қабатындағы пәтерден түтін шығып жатқандығы туралы хабар түсті.

«Пәтердің ішінде өздігінен қозғала алмайтын мүмкіндігі шектеулі 1947 жылғы әйел болды. Құтқарушыларға жеткенше көршілері әйелді сыртқа алып шығуға тырысқан. Алайда, одан еш нәтиже болмады. Абырой болғанда, құтқарушылар дер кезінде жетіп, әйелді құтқарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды. От пәтердің қабырғалары мен төбелерін шарпыған, жиһаздар мен тұрмыстық заттарға зақым келді. Зардап шеккендер жоқ», - деді Степногор қалалық ТЖБ бастығының міндетін атқарушы Арман Шаяхметов.











Жоғары қарай