Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында оқу жылының басынан бері 1249 оқушы коронавирус жұқтырған

2021 жылдың 27 сәуір 2021 19:20

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында оқу жылының басынан бері COVID-19-ды 1249 оқушы жұқтырғаны анықталды. Оның ішінде штаттық режимде оқитын оқушылар арасында-510, қашықтықтан оқитын оқушылар арасында-739.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстың бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы апталарда мектеп оқушылары арасында 258 рет коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы тіркелді. Оның ішінде 110 жағдай офлайн білім алушылар және 148 жағдай онлайн режимінде оқып жатқандар арасынан анықталды. Ал соңғы тәулікке келетін болсақ, оқушылар арасында аурудың 28 жағдайы тіркеліп отыр. Оның 7-і штаттық режимде, 21-і онлайн режимде оқитын оқушылар арасында. Оқу жылының басынан бері жалпы білім беретін мектептердің қызметкерлері арасында COVID-19 ауруының 482 жағдайы тіркелді, оның ішінде штаттық офлайн режимінде – 245, онлайн режимінде – 236» - деп атап өтті облыстық санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина.

Қазіргі уақытта өңірде коронавирус инфекциясы жағдайларының тіркелуіне байланысты жеті мектеп қашықтан оқытуға ауыстырылды, оның ішінде Зеренді ауданында - 2, Ақкөл ауданында -1, Қорғалжын ауданында -1, Бурабай ауданында -3.

COVID-19 зертханалық расталған барлық жағдай бойынша балалар арасында эпидемияға қарсы іс-шаралар кешені жүргізіледі.


Жоғары қарай