Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 33 °С
валюта бағамы
USD 405.66
EUR 454.70
RUB 5.71
CNY 57.43

Ақмола облысында мектеп оқушыларына материалдық көмек көрсетіледі

2020 жылдың 30 наурыз 2020 20:50

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 6-18 жастағы балаларға төтенше жағдай кезінде азық-түлік пен тұрмыстық жинақ сатып алуы үшін материалдық көмек көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Бұл тізімге әлеуметік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардағы 2800 астам оқушы еніп отыр. Ақмола облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламарды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Шолпан Рахматуллинаның мәліметінше, ата-аналардың есеп-шотына аудару үшін қаражат аудандық бөлімдерге жіберілді.

«Карантин шаралары енгізілгендіктен тұрғындар өзіне қажетті азық-түлік, тұрмыстық жинақты сатып алуы және өзге де шығындарды өтеуі үшін ақшаны аудару туралы шешім қабылданды», - деп атап өтті Шолпан Рахматуллина.

Айта кетейік, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің механизмі жетілдірілді.

Мемлекеттік көмектің жаңа әдісі кешенді түрде жүзеге асырылады және оның ішіне: көпбалалы отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, аз қамтылған отбасылардағы балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакет, оның ішінде 1-6 жастағы балаларға азық-түлік, тұрмыстық химия тауарлары кіреді.


Жоғары қарай