Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 405.66
EUR 454.70
RUB 5.71
CNY 57.43

Ақмола облысында мас күйде жүк көлігін жүргізген ер адам ұсталды

2020 жылдың 24 мамыр 2020 13:18

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында ішімдік ішіп алып жүк көлігін басқарған ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 20 мамырда «Учаске» шарасы барысында тәртіп сақшылары «Зеренді-Щучье» тас жолының бойындағы «Қазмұнайгаз» автокөлік жанармай құю стансасы маңында жарық шамын қоспай жүріп келе жатқан «Маз 53331» жүк көлігін байқаған.

«Тәртіп сақшылары арнайы дауыс күшейткіш құрылғысы арқылы көлікті тоқтатуға тырысқанымен жүргізуші оған құлақ аспай одан әрі жүрсін жалғастыра берді», - дейді ведомстводан.

Полицияның патрульдік батальонының қосымша күштерінің көмегімен көлік тоқтатылды. Құжатты тексеру кезінде 38 жастағы көлік жүргізушісінен ішімдіктің иісі шығып тұрды.

«Медициналық сараптама қорытындысы бойынша жүргізуші мас күйде болғаны анықталды. Жүк көлігі Көкшетау қаласындағы арнайы авто тұраққа қойылды. Жүргізушіге қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша «көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы» сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.



Жоғары қарай