Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында қызымен суретке түспек болған ер адам суға құлап кетті

2021 жылдың 18 сәуір 2021 18:30

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Зеренді ауданында ер адам 6 жасар қызымен бірге суретке түспек болған кезде Үлгілі сарқырамасына құлап кетті. Абырой болғанда екеуі де зардап шекпеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Kokshetauasia в Instagram парақшасында Ақмола облысының Зеренді ауданындағы Үлгілі сарқырамасына ер адамның қызымен бірген құлағандағы бейнекөрінісі жарияланды.

Жарияланымнан мәлім болғанындай, видео алдымен @eto_kokshetau_det тобынан тараған.

Зеренді ауданы әкімдігінің хабарлауынша, суға құлағандар Көкшетау қаласының тұрғындары болып шықты. Ер адам 6 жасар қызымен бірге сарқыраманың жанында суретке түспек болғанда абайсызда суға құлап кеткен. Олардың жаға шығуына куәгерлер көмектескен.

«Кеше 17 сәуір күні, сағат 16-35-те Зеренді аудандық ауруханасына жеңіл жарақаттарымен Көкшетау қаласында тұратын 2015 жылы туған бала түсті. Оны дәрігерлер тексеріп шығып, қажетті ем-дом жасаған. Аруханаға жатқызуға ешқандай негіз жоқ болғандықтан бала үйіне жіберілді»,-делінген ведомство хабарламасында.


Басты сөздер: Ақмола облысы, Оқиға,
Жоғары қарай