Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Ақмола облысында қымбат көліктерді ұрлағандар ұсталды

2020 жылдың 28 мамыр 2020 12:15

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында Техникалық байқау стансасынан қымбат көліктерді ұрлаған екі адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 27 мамырда сағат 01:00 патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Щучье қаласындағы Әуезов көшесінің бойында «Toyota RAV4» көлігін тоқтатты. Кейін оның артынан «KIA Cerato» көлігін тоқтады. Құжаттарын тексеру барысында ер адамдардардың аталмыш көліктерді басқаруға рұқсат құжаттары болмаған. Күдіктілер аталмыш көліктерді бір ТБС екіншісіне айдап апар жатқанын айтып ақталмақ болды.

Осы кезде тәртіп сақшылары «Toyota RAV4» көлігінің рулінде отырған 23 жастағы жігіттің аузынан алкогольдің иісін сезеді. Кейін анықталғандай, Көкшетау қаласындағы ТБС шеберлері өз клиенттерінің көліктерін айдап әкеткен. Көлік иелері 32 және 35 жастағы тұрғындар осыдан бірер күн бұрын көліктерін аталмыш ТБС жөндеуге қалдырған.

«Қазіргі кезде, күдіктілердің үстінен ҚР ҚК 200-бабы бойынша (автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз заңсыз иеленіп алу) дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп түсіндірді ведомстводан.

Тәртіп сақшылары атап өткендей, күдіктілер заңсыз айдап әкеткен көліктермен Щучье қаласына барып, таныс қыздарымен кездеспекші болған.

Алайда, көліктерге орнатылған GPS сигналы арқылы иелері көліктің басқа жақта жүргенін біліп қойған.


Жоғары қарай