Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында күзгі жәрмеңке өтті

2021 жылдың 30 қыркүйек 2021 23:58

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Зеренді ауданының орталығында дәстүрлі күзгі жәрмеңке өтті. Онда жергілікті ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер мен кәсіпорындардың өнімдері сатылымға шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жәрмеңкеде ет, сүт өнімдері, бал, май, көкөніс, саңырауқұлақ, жұмыртқа және шұжық нарық бағасынан 10-15 пайызға арзаанға сатылды. Сонымен бірге, Көкшетаудағы «Гормолзавод» ЖШС сүт және сүт өнімдері, ірімшіктің бірнеше түрі ұсынылды. «Химик» ЖШС мен «Колос» ЖШС сатуға арпа, шөп және сабан әкелді.

«Сенбі күні базарда ет 2200-2300 теңгеден болса, мұнда сиыр еті 1900 теңгеден, бұл жақсы баға», - дейді Зеренді ауылының тұрғыны Вера Густ.

Айта кетсек, бұл жолғы жәрмеңкеде сауда-саттықтан бөлек, коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинацияланған аудан тұрғындары арасында лотерея ойнатылды. Ұтысқа Зеренді, Малик Ғабдуллин және Айдабол ауылдарының тұрғындары ие болды.

«Жәрмеңкеде өте жоғары деңгейде өтті. Азық-түлік бағасы арзан, Мен сәбіз, май, қаймақ, жұмыртқа сатып алдым. Келер жәрмеңкеге дейін азық-түлік қорын жасап алдым», - дейді ауыл тұрғыны Надежда Михайловна Окользина.

Жалпы, жәрмеңке барысында 12 миллион теңгенің өнімі саудаға шығарылды.


Жоғары қарай