Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында құс тұмауының алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр

2020 жылдың 18 қыркүйек 2020 20:15

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы аумағында құс тұмауының алдын алу және таралуына жол бермеу мақсатында кешенді шаралар жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ұлттық референт орталығы құстардың өліміне жоғары патогенді құс тұмауы себеп болғанын анықтады. Осыған орай, Ақмола облысының ветеринарлық қызметі облыс аумағындағы жағдайды бақылауға алды.

«Өңірдің ветеринарлық қызметі ведомствоның құзыретті органдары аумақтық бөлімшесі және аудан әкімдіктерімен бірлесіп, облыс аумағындағы құстарды зерттеу шараларын, тұрғындар арасында үй құстарын оқшаулап ұстау туралы түсіндіру жұмыстарын қолға алды», - дейді ведомстводан.

Сонымен бірге, қауіпті аймақтардағы құстарды иммундау үшін облыстық ветеринария басқармасы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне 510,3 мың мөлшерде қажетті екпеге өтініш жолдап отыр.

«Облыс аумағында құс тұмауын болдырмау мақсатында Ақмола облыстық ветеринария басқармасы субъектінің барлық түрінен құстың жаппай өлуі немесе белгілері байқалса, дереу ветеринарлық қызметке хабарласуын сұрайды. Ветеринар мамандар, мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторлар келгенше құс тұмауына күдікті құстарды оқшаулау қажет» деп толықтырды ведомстводан.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін СҚО-ның 7 ауданында құс тұмауының ошағы анықталғанын, құс тұмауының белең алуына байланысты 10 елдімекеннің карантинге жабылғанын айтқан едік.

Осыған байланысты СҚО-да үй құстарына құс тұмауына қарсы вакцина егілетін болды. Сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігі СҚО-да құс тұмауынан қырылған үй жануарлары үшін өтемақы төленетінін хабарлады.


Жоғары қарай