Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ақмола облысында коронавирусты анықтайтын 3 зертхана жұмыс істеп тұр

2020 жылдың 8 шілде 2020 13:35

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында коронавирусты анықтау бойынша 3 зертхана жұмыс істеп тұр. Күн сайын 800-ден 1 мыңға дейін сараптама жасалады. Бұл туралы брифинг барысында өңір басшысы Ермек Маржықбаевқа айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның атап өтуінше, маусым айында жүктеменің көп болуы салдарынан сараптама жасауға арналған бір аппарат істен шыққан.

«Бүгінде 430 тест бар. Тағы келуі керек, күтіп отырмыз. Індет өсімінің басты себебінің бірі - адамдардың қарым-қатынасы. Әлі күнге дейін адамдар моншаға, үйлену тойына, еске алу жиынына барып жүр», - деді облыс басшысы.

Дегенмен, өңір басшысының айтуынша, облыстағы бірде-бір өнеркәсіп жабылған жоқ.

Сонымен қатар Ермек Маржықбаев санитарлық нормаларды қатаң сақтайтын тұрғындарға ризашылығын білдірді.

Бұған дейін хабарлағанымдай, 1 тамызға дейін облыста қосымша 5 мың төсек-орын дайындалатын болады.

Ақмолалықтар вирусқа қарсы және ыстық түсіретін препараттардың тапшылығына шағымдануда.


Жоғары қарай