Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында «Қазақстан - Ұлы дала елі» атты жастар форумы өтті

2021 жылдың 21 қазан 2021 18:05

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Қазақстан - Ұлы дала елі» атты жастар форумы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сандықтау ауданының Каменка ауылдық округінің агротехника колледжінде өткен шараның мақсаты - жас ұрпаққа Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойының маңызын жеткізу.

Сондай-ақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы маңызды рөлін көрсету.

«Бұл жыл - біздің еліміз үшін ерекше жыл. Егемендікке қол жеткізгенімізге 30 жыл толады. Бірақ қанша жыл өтсе де, біз тарихымыздағы ұлттық қайраткерлер мен батырлардың ерлігін ұмытпауымыз керек. Мұндай форумдар - жас ұрпақта патриотизм сезімін оятатын, елге деген сүйіспеншілікті қалыптастыратын және оның рухын көтеретін бірегей жоба. Жалпы форум жоғары деңгейде өтті. Өте мазмұнды кездесу болды», - деді Каменка ауылдық округінің әкімі Майя Әркенова.

Шара соңында ауылдың дамуына үлес қосып келе жатқан белсенді жастар марапатталды.











Жоғары қарай