Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында қараусыз малдың кесірінен 40 көлік апаты болған

2020 жылдың 21 қараша 2020 23:56

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында автокөлік жолында бақылаусыз жайылып жүрген малдың кесірінен жол-көлік оқиғасы орын алып, жүргізуші ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, өңірдегі автокөлік жолдарының бойында бақылаусыз жайылып жүрген малдардың салдарынан жол-көлік оқиғалары жиі болады.

«Мәселен, биылғы жылғы қарашаның 18-де «Зеренді-Щучинск» автожолында «Renault Logan» автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі жолға шығып кеткен жылқыны қағып өткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті», - деді ведомстводан.

Айта кету керек, көлік құралының иесі материалдық залалды өтеу үшін жол апатына себепкер жануардың иесінің үстінен азаматтық тәртіппен сотқа арыз беруіне құқысы бар. Жалпы, ағымдағы жылы Ақмола облысында қараусыз малдың қатысуымен 40-қа жуық жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 4 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды.


Жоғары қарай