Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында карантиндік шектеулерге қатысты жаңа қаулы шықты

2021 жылдың 27 қыркүйек 2021 20:57

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында карантиндік шектеу шаралары туралы жаңа қаулы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа қаулыға сәйкес, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер - мейрамхана, кафе және кофеханалар үлгісіндегі қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, «Ashyq» жобасының қатысушылары болып табылмайтын объектілер үшін банкет залдары (ас беру) 50 пайызға дейін, бірақ 30 орыннан аспайтын жағдайда 09:00-ден 20:00 сағатқа дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Сағат 20:00-ден 09:00-ге дейін өнімді жеткізуге өткізуге ғана жол беріледі.

«Ashyq» жобасына қатысатын объектілер жұмыс күндері 50 пайызға дейін толғанда 07:00-ден 00:00 сағатқа дейін, 50 орыннан аспайтын жұмыс істейді. Салтанатты, естелік, отбасылық іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар) «жасыл мәртебе» болған жағдайда, 50 пайызға дейін, 50-ден аспайтын орын толтырылған жағдайда өткізуге рұқсат етіледі. Ал «Ashyq» көшбасшылары « мәртебесін алған объектілер үшін жұмыс күндері сағат 07:00-ден 02:00-ге дейін, толуы 50 пайызға дейін, 60-тан аспайтын орынға дейін, толуы 50 пайызға дейін, 70-тен аспайтын орынға дейін «жасыл мәртебе« болған жағдайда салтанатты, естелік, отбасылық іс-шаралар (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар) өткізуге рұқсат етіледі. Сағат 02:00-ден 07:00-ге дейін өнімді жеткізуге өткізуге ғана жол беріледі. Сенбі және жексенбі күндері «жасыл мәртебе« болған жағдайда 07:00-ден 02:00 сағатқа дейін жұмыс істейді.

»Ashyq« жобасының қатысушылары болып табылмайтын сауналар, СПА-орталықтар, бассейндер жұмыс күндері 20 сағатқа дейін жұмыс істейді, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады.

»Ashyq« жобасына қатысушыларға жұмыс күндері 07:00-ден 00:00 сағатқа дейін, сенбі және жексенбі күндері «жасыл мәртебе« болған жағдайда сағат 7-ден 00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

»Ashyq көшбасшылары« мәртебесін алған нысандарға жұмыс күндері 07:00-ден 02:00-ге дейін, «жасыл мәртебе« болған жағдайда сенбі және жексенбі күндері сағат 07:00-ден 02:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

»Ashyq« жобасына қатысатын және «Ashyq көшбасшылары «мәртебесін алған театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар толымдылығы 30-40 пайыздан аспайтын жағдайда жұмыс істейді. Сенбі және жексенбі күндері «жасыл мәртебе« болған жағдайда рұқсат етіледі. Сұлулық салондары, Шаштараздар, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсететін объектілер (жазба бойынша) «жасыл мәртебе«болған жағдайда алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейді.


Жоғары қарай