Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында із-түзсіз кеткен ана мен бала бір аптадан кейін табылды

2021 жылдың 5 қазан 2021 09:14

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Демалыс күндері полицейлер із-түзсіз жоғалған үш ақмолалықты іздеп тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері өткен демалыс күндері хабар-ошарсыз кеткен Ақмола облысының үш тұрғынының қайда жүргенін анықтады.

Оның арасында Бурабай ауданының 54 жастағы тұрғыны бар, оны полицейлер Жасыл және Шиялы ауылдары арасындағы орман алқабынан тапқан.

Өтініш берушілер ер адам ішінара есте сақтау қабілетінен зардап шегетінін хабарлады.

Іздестіру шаралары кезінде жедел уәкілдер жоғалған адам жүруі мүмкін бүкіл елді мекендер мен орындарды анықтап, нәтижесінде оның орманда екенін анықтады.

Кейінірек белгілі болғандай, жоғалған адам жидек жеп, табиғи су қоймаларынан су ішкен.

Сондай-ақ, полицейлер Көкшетау қаласының 14 жастағы тұрғынын тапты.

Ол жақындарын хабардар етпей, туыстарына барған. Қыз кешкі сағат 11-де жол бойынан табылды.

Аталған факті бойынша ата-анаға қатысты ҚР ӘҚБтК 442-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Сонымен қатар, Зеренді ауданының 34 жастағы тұрғыны мен оның 4 жасар қызы табылды.

Оны іздеуге көмек көрсету туралы арызбен 26 қыркүйекте полицияға оның күйеуі жүгінген болатын.

Жыл басынан бері облыс тұрғындары хабар-ошарсыз кеткендер туралы 70 рет полицияға арызданған, оның ішінде 63 адам табылған.


Автор Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: Ақмола облысы, Оқиға,
Жоғары қарай