Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында эссе байқауының жеңімпаздары марапатталды

2021 жылдың 25 қазан 2021 14:33

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда «Қазақ халқының отбасылық құндылықтары мен әдеп-ғұрыптары» атты облыстық эссе байқауының жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде Ақмола облысының әділет департаменті, ішкі саясат, білім, мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармалары және Ақмола облысының «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің қолдауымен «Вolashaq Saraiy» сарайында ұйымдастырылды.

Байқау отбасылық құндылықтарды, салт-дәстүрлерді дәріптеу және насихаттау, қазақ халқының рухани және мәдени мұрасына құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында өткізілді.

Конкурсқа облыс бойынша 350-ден астам оқушы қатысып, білім деңгейін айқындады.




«Балалар өз ойларын көркем тілмен жеткізіп, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан отбасылық салт-дәстүрлермен байланыстыра білді, бұл сондай-ақ ата-анаға махаббат пен құрмет, отбасы мүшелеріне мейірімділік, сыйластық көрсету. Нәтижесінде 14 үздік эссе Көкшетау, Степногор қалалары, Біржан сал, Бұланды, Атбасар, Қорғалжын, Ақкөл аудандары мектептері оқушыларының жұмыстары қазылар алқасы тарапынан оң бағасын алды», - деп мәлім етті білім басқармасындағылар.

Байқау жүлдегерлері ұйымдастыру комитеттің естелік сыйлықтары және алғыс хатымен марапатталды.


Жоғары қарай