Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ақмола облысында ерте темір дәуіріндегі қылыш табылды

2020 жылдың 23 маусым 2020 23:01

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысындағы Магдалиновка V қорымынан темір дәуірінің ескерткіші табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының жанындағы Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы директорының міндетін атқарушы Серік Ысқақовтың айтуынша, 2020 жылдың маусым айында жоспарға сай жаңа археологиялық объектілерді анықтау мақсатында Атбасар ауданында барлау жұмыстарын жүргізілді.

«Барлау жұмыстары кезінде Атбасар ауданында 100-ден аса археологиялық нысандар орналасқан, археологиялық барлау жұмыстарының арқасында қола және ерте темір дәуіріне жататын тағы 20-ға жуық жаңа археологиялық ескерткіштер анықталды. Ескерткіштерді визуалды қарау кезінде қорғанның ортасында темір сұқпаның ұшы байқалды, әрі қарай қазба кезінде 0,30 см. тереңдікте темір қылыш табылды. Қылыштың жалпы ұзындығы 79 см тұтқасының ұзындығы 6,5 см, қалыңдығы 0,4 – 0,8 см, ені 0,7 – 2,8 см. Қылыштың ұшы 14 см, екі жағы да ұшталған, сұқпасы 58 см, бір жағы ұшталған, үсті тот басқан, сақталуы орташа. Тұспасы мен сұқпа тұсында ұзындығы 11,5 см, қалыңдығы 0,1 – 2 см, ені 0,5 – 1 см, тіреуіш бекітілген. Қылыштың ортаңғы және ұшы майысқан, бәлкім ауыр тастардың салмағынан болар. Қылыштың пішіні мен анықталған орнына қарағанда, Солтүстік Қазақстан жерін ерте темір дәуірін мекендеген тайпалардың дәстүрін сипаттайды», - дейді Серік Ысқақов.

Осы ретте, орталық басшысы атап өткендей, Магдалиновка V қорымы Магдалиновка ауылынан батысқа қарай 1,3 км, Есіл өзенінің сол жағалауынан 300м жердегі биік қырдың үстінде орналасқан. Қорым алғаш рет 1992 жылы анықталып, 2006 жылы А.А. Плешаковтың жетекшілігімен СҚАЭ қайта зерттелген. 2020 жылы Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-мен Атбасар ауданыныда жаңа археологиялық объектілерді анықтау мақсатында барлау жұмыстар кезінде қайта зерттелді.















Жоғары қарай