Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 447.67
EUR 491.36
RUB 5.74
CNY 63.07

Ақмола облысында ерлі-зайыптылар ыстан уланып, көз жұмды

2020 жылдың 21 ақпан 2020 09:50

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында ерлі-зайыптылар ыстан уланып көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, қайғылы жағдай Есіл қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде болған. Бұл туралы Есіл аудандық полиция бөліміне 60 жастағы жергілікті тұрғын хабарлаған.

Әйелдің айтуынша, ол ақпанның 19-ында күні бойы Тәуелсіздік көшесінде тұратын Александр және Надежда Науменко есімді ерлі-зайыпты туыстарына хабарласа алмаған және үйдің есігін ешкім ашпаған.

«Үйдің есігін бұзып кірген құтқарушылар жатын бөлмедегі кереуетте ерлі-зайыптылардың мүрдесін тапты. Алдын ала деректер бойынша, екеуі де иіс тиіп көз жұмған»,- дейді ведомстводан.


Жоғары қарай