Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Ақмола облысында экологиялық заңнаманың 28  рет бұзылғаны анықталды

2020 жылдың 5 маусым 2020 11:39

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жыл басынан бері экологиялық заңнаманың 28 рет бұзылғаны анықталды. Осыған байланысты жалпы сомасы 2,1 миллион теңгеден астам 18 əкімшілік айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық экология департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның дерегі бойынша, қоршаған ортаны қорғау бүгінде бүкіләлемдік маңызы бар мәселелердің біріне айналып отыр. Қалыптасқан экологиялық мәселелерді шешуге Ақмола облысы бойынша экология департаменті де ұдайы назар аударып келеді. Ақмола аграрлы – өнеркәсіп облысы болғандықтан өңірдің экологиялық ахуалы осы екі салаға тікелей байланысты. Облыста табиғатты пайдаланатын 5113 кәсіпорын тіркелген.

«Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша, 8302 мың тонна зиянды заттың тасталғаны анықталды. Дегенмен, бұл көрсеткіштен былтырғы жылдың сәйкес кезеңмен салыстырғанда біршама азайғанын көруге болады. Сонымен бірге, жыл басынан бері экология департаментінің қызметкерлері жүргізген тексеріс барысында экологиялық заңнаманы бұзудың 28 жағдайы анықталып, жалпы сомасы 2,1 миллион теңгеден астам 18 əкімшілік айыппұл салынды. Сондай-ақ, қоршаған ортаға келтірілген 571,1 мың теңге шығынды қайтару жөнінде талап қойылып, 4 ескерту жасалды», дейді ведомстводан.


Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Экология, Ақмола облысы,
Жоғары қарай