Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында екі күнде 5 адам суға батып, 8 адам құтқарылды

2021 жылдың 23 тамыз 2021 17:59

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында демалыс күндері 5 адам суға батып кетті, оның екеуі бала, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай Степногор қаласы мен Целиноград, Сандықтау аудандары аумағында орын алған.

«Тамыздың 21-де Сандықтау ауданының Лесное ауылынан 1 шақырым жердегі Жылымды өзеніне 2008 жылғы қыз батып кетті. Ол анасымен өзеннің жағасында жүріп бара жатқанда жардан құлаған. Сол күні Талапкер ауылында рұқсат етілмеген жерде суға шомылмақшы болған 2005 жылғы жасөспірім өзенге ағып кетті.

Бұдан бөлек, Степногор қаласы мен Целиноград ауданында 1975,1992 жылғы ер адам және 1979 жылғы әйел суға кетті. Куәгерлердің сөзінше, үшеуі де рұқсат етілмеген жерде суға шомылған, оның екеуі алкогольдік ішімдік ішкен», - деді ведомстводан.

Сонымен қатар, Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен атап өткендей, демалыс күндері үрлемелі матрас және қайықпен жағадан алыс жүзіп кеткен Зеренді ауданында 6 адам, Бурабай ауданында 2 екі адам судан құтқарылды.

Айта кетсек, жалпы, суға шомылу маусымы басталғаннан бері құтқарушылар 81 адам құтақырылса, оның 11 бала. Сондай-ақ, 20 азаматқа алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілді.





Жоғары қарай